03:03 10 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD432.55
  • EUR470.83
  • RUB5.84
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
19 0 0

Үйдің іргетасы отырып, қабырғаларда терең жарықтар пайда болған

АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik.Қарағанды облысы Ақтау ауылындағы үйдердің бірінде баспалдақ қирап қалды. 14 адамның өміріне қауіп төнген, олардың арасында балалар да бар.

"Сейсенбі күні ауылдағы үйде екінші кіреберістің бірінші қабатындағы баспалдақ маршы 30 сантиметрге жылжып кетті. Бұл ескі үй болатын. Онда адамдар тұрмауы тиіс еді, бірақ өздері қоныстанып алыпты", — деп хабарлады Қарағанды облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті.

Анықталғандай, үй апаттық жағдайда болған және тұруға жарамсыз екен. Үйдің іргетасы отырып, қабырғаларда жарықтар пайда болған, ал жертөлені зәрнәжістік және лай су алып кеткен.

"Тексеру барысында үйде жеті отбасы тұрып жатқаны белгілі болды (14 адам), 11 ересек және екі бала (біреуі мүгедек). Тұрып жатқандардың басым көпшілігі өз беттерімен қоныстанған. Қазір туған-туыстарының үйінде", — деп мәлімет берді Теміртау әкімдігінің баспасөз қызметі.

Загрузка...

Басты тақырып