Өңірлер

Қазақстанның бірнеше облысында бұршақ жауады деп күтіледі

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуқұбылмалы ауа райы
құбылмалы ауа райы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады

АСТАНА, 6 маусым — Sputnik. Қазақстанның  басым бөлігіне фронтальды бөліктер әсер етеді, сонымен байланысты   тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр найзағаймен күтіледі, екпінді жел болып, бұршақ жаууы мүмкін деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі. 

Ақмола, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.  Жамбыл облысының кей жерлерінде  жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с болады. Қызылорда, Павлодар, Қостанай, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады, Қостанай  облысының түнде  кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

 

Жаңалықтар
0