Өңірлер

Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық болады

© Sputnik / Медиабанкке өтуаптап ыстық
аптап ыстық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тек оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады

АСТАНА, 18 маусым — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді, республиканың оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық бөліктерінде қатты ыстық болады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде жел 15-20, күндіз 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады, бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады, бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, түнде Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 18 м/с болады. Түнде және таңертен Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында қатты ыстық болады.


Жаңалықтар
0