Өңірлер

Жұмаға арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуБұршақ
Бұршақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің солтүстігінде кей жерлерде түнде және таңертең тұман түсіп, жаңбыр жауады, күн күркіреп, жел күшейеді және бұршақ түсуі мүмкін; батыста - ауа райы жауын-шашынсыз

АСТАНА, 23 маусым — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Жамбыл облысында кей жерлерде бұршақ түсуі ықтимал, желдің екпіні — 15-20, таңертең және күндіз ұйытқуы — 23-28 м/с.

Шығыс Қазақстанда, күндіз Ақмола, Павлодар облыстарында кей жерлереде бұршақ жаууы мүмкін, желдің екпіні — 15-22 м/с.

Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз бұршақ жаууы мүмкін, жекелеген аудандарда желдің екпіні — 15-20 м/с,күндіз ұйытқуы — 23 м/с.

Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысында кей жерлерде аптап ыстық сақталады.

Күндіз Қызылорда облысында, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жердерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жаңалықтар
0