03:26 21 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.91
  • EUR428.81
  • RUB5.79
Өзен

Тобыл өзеніндегі бала өлімі: куәгерлер екі күн бойы тіс жармаған

© Sputnik / Алексей Куденко
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
127 0 0

Бала суға кеткен кезде қасында достары бірге болған

АСТАНА, 1 шілде — Sputnik. Полицейлер маусым айында Тобыл өзеніне суға кеткен 10 жасар Ришат Харикоғылының өліміне қатысты мән-жайды анықтады, деп хабарлайды "31 арна".

Ришат Харикоғлыны 24 маусым күні түстен бастап іздестірген. Жексенбі күні еріктілер мен сүңгуірлер қосыла іздеп, арнайы жедел тергеу тобы құрылған. Баланың денесі екі күн өткен соң 26 маусымда су қоймасынан табылды. Анасы ұлының мәйітін таныған. 

Телеарнаның мәліметіне сүйенсек, тергеу барысында саяжайға туыстарының үйіне демалуға келген Ришат суға кеткен кезде, қасында өзі қатарлас өзге ұлдар болған екен.

"Ришат үш досымен бірге өзенге барыпты. Ол батып бара жатқан кезде, достарының бірі көмекке ұмтылады, алайда шамасы жетпейді. Үрейі ұшқан балалар Ришаттың киімдерін көміп тастап, болған жайт туралы ешкімге тіс жармаған. Олар үш күн бойы ештеңе айтпапты", — деп хабарлайды арна. 

Прокуратура хабарлауынша, балалар ювеналдық полицияның тіркеуіне алынады, бірақ олардың әрекетінде қылмыс құрамы жоқ. 

Загрузка...

Басты тақырып