Өңірлер

Өскеменде екі педофил ұзақ мерзімге сотталды

© Photo : Рixabay/Isabella QuintanaҚуыршақ
Қуыршақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Педофилдердің бірі 7 жасар өгей қызын зорлаған

АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Өскемен қаласында кішкентай қыздарды зорлағаны үшін айыпты деп танылған екі ер адам ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды, деп хабарлайды YK-news.kz жергілікті сайты.

Жеткіншек - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қостанай облысында педофил 11 жылға сотталды

Бірінші оқиға бойынша, 27 жастағы жігіт бірге тұратын әйелдің жеті жасар қызымен бір бөлмеде болып, бүлдіршінге қол жүгірте бастайды. Қыз қарсылық білдіргенде, жігіт оны ұрып-соғып, жыныстық сипаттағы зорлық көрсетіп, ұйықтап қалған.

Сотта айыпталушы кінәсін толығымен мойындамай, қызбен ойнағанын, бұл жайттың кездейсоқ болғанын айтты. Қылмыс жасалған кезде ауруханада болған қыздың анасы да бірге тұратын жігітінің айыпты екеніне сенбейтінін мәлімдеді. Әйелдің айтуынша, ер адам бүлдіршінге өз қызындай қараған екен.

Сот ер адамды 15 жылға соттады.

Бала - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Таразда педофил бес жыл бойы досының қыздарын қорлаған

Екінші оқиғада Шығыс Қазақстан облысы тұрғыны көшеде ер адаммен танысып, ішімдік ішуге соның үйіне барады. Пәтерде үй иесінің азаматтық әйелінің жеті жасар қызы болады. Бір сағаттан соң мас үй иесі ұйықтап қалады да, қонақ балаға қол жүгіртіп, "ойын ойнайық" деп шешіндіре бастайды.

"Үрейі ұшқан қыз ойыннан бас тартқанда, ер адам оны күшпен шешіндіреді. Қызды зорлап болған соң, педофил үйден кетіп қалған. Бірақ сол күні полицейлердің қолына түсті", — деп хабарлайды сайт.

Сот 27 жастағы ер адамды 15 жылға бас бостандығынан айырып, маскүнемдіктен күшпен емдеу жазасына кесті. 

Жаңалықтар
0