Өңірлер

"Қазавиақұтқару" және "Қазавиаорманқорғау" бас директорлары парамен ұсталды

© Sputnik / Болат ШайхиновПара
Пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас директорлар тікұшақ алуға келісімшарт жасасқаны үшін 100 мың доллар пара алмақ болған

АСТАНА, 17 шілде  — Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласындағы департаменті "Қазавиақұтқару" АҚ бас директоры мен "Қазавиаорманқорғау" бас директорын пара алу үстінде ұстады.

қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Оқиға
БҚО-да шенеунік кәсіпкерден 100 миллион теңге пара алған

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті "Қазавиақұтқару" АҚ бас директоры Малик Досымбеков пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Төлеуғазы Сексенбаев құны 12 миллион доллар тұратын "МИ-171Е" тікұшағын алу бойынша келісімшартқа қол қойғаны үшін шетелдік компания басшысынан 50 мың доллар көлемінде пара алу үстінде 13 шілде күні ұсталған. Бұл сома қомақты параның жартысы ғана болып шықты.  Жалпы сомасы 100 мың доллар екен.

Сот шешімімен күдіктілер қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жұмысы жүргізілуде.

Жаңалықтар
0