Өңірлер

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Жазылу
Еліміздің кей өңірлерінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел соғады; солтүстік, солтүстік-батыс пен орталықта түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте – ауа райы жауын-шашынсыз

АСТАНА, 19 шілде — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұршақ жауады, желдің екпіні – 15-20, ұйытқуы – 23 м/с, түнде және таңертең тұман түседі. 

Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін, желдің екпіні – 15-20, күндіз ұйытқуы — 25 м/с.

Қарағанды облысында кей жерлерде желдің екпіні – 15-20 м/с, жекелеген аудандарда таңертең тұман түсіп, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. 

Қостанай облысында күндіз және таңертең желдің екпіні – 15-20 м/с, кей аудандарда таңертең тұман, күндіз бұршақ жауады. 

Павлодар облысында желдің екпіні — 15-20 м/с, күндіз бұршақ жауады.

Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде желдің екпіні – 15-20 м/с.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Маңғыстау және Алматы облыстарында кей жерлерде аптап ыстық болады. 

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жаңалықтар
0