Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда зейнеткерді тонап кеткен қарақшылар екі айдан соң ұсталды

© AFP 2024 / ALAIN JOCARDКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыскерлерді анықтап, ұстау бойынша жедел тергеу жұмысын облыстық ІІД басшысы қадағалаған

АСТАНА, 19 шілде — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері қарақшылық қылмысты ашумен екі ай бойы айналысып, 80 жастағы зейнеткердің үйін тонағандарды ұстады, деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Кісен - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда "Альфа банкті" тонаған екі күдікті ұсталды

Істің деректері бойынша, 23 мамыр күні Айыртау ауданы Горный ауылында белгісіз біреулер 1936 жылы туған зейнеткердің үйіне басып кіріп, оған қоқан-лоққы жасап, жиған-терген бар ақшасын тонап кеткен.

ІІД хабарлағандай, бұл қылмысты ашуды СҚО ІІД басшысы, полиция генерал- майоры Берік Біләлов өз бақылауына алған.

СҚО ІІД қылмыстық полиция қызметкерлері мен Айыртау ауданы полицейлері бүкіл ақпаратты, бақылау камераларындағы жазбаларды, әрбір автокөлікті мұқият тексеріп шығыпты.

Ақыры соңында қылмыс жасады деген күдікпен Көкшетау қаласының бұрын сотталған үш тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде. 


Жаңалықтар
0