Өңірлер

Жас жігіт Қытайдан Қазақстанға елуге жуық құндыз тон алып өтпек болды

© Photo : Департамент госдоходов по г.АстанеҚұндыз тондар
Құндыз тондар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас қазақстандық 47 құндыз тонмен отанына қайтып келе жатқан

АСТАНА, 19 шілде — Sputnik. Қазақстандық шекарашылар Қытайдан құндыз тондардың ірі партиясын алып өтпек болған ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚР Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Тондарды "Қорғас" өткізу бекеті арқылы алып өтпек болған. 21 жастағы қазақстандық өзімен бірге 47 құндыз тон алып келе жатқан. Ол Қытайдан отанына қайтып келе жатқанда, қол жүгін тексеру барысында ұсталған. 

Бұл дерек Алматы облысы Панфилов ауданының тиісті органдарына хабарланды.


Жаңалықтар
0