Өңірлер

Қазақстанның басым бөлігінде бұршақ жауып, жел тұруы ықтимал

© Sputnik / Болат Шайхиновжаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның оңтүстігі мен батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады

АСТАНА, 21 шілде — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел күшейеді, республиканың  солтүстік, орталығының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.

Тек республиканың оңтүстік- батыс және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік  Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола,  Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел  15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау, Атырау облыстарында,  Батыс-Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде  қатты ыстық күтіледі.Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында,Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Жаңалықтар
0