Өңірлер

Алдағы күндері еліміздің кей өңірінде 42 градусқа дейін күн ысиды

күн ысиды
күн ысиды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
22-24 шілдеге арналған ауа-райы болжамы

АСТАНА, 21 шілде— Sputnik. Алдағы үш күнде республикамыздың солтүстігінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр, ал оңтүстікте күн жауын-шашынсыз ыстық болады.

Қазгидрометтің хабарлауынша, циклондар Орал арқылы Батыс Сібірге қарай жылжиды, осының әсерінен атмосфералық фронттар республикамыздың солтүстігінде ауа-райына әсер етеді. Сондай-ақ фронттардың шығысқа жылжуы әсерінен  кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай және найзағай кезінде дауылды жел мен бұршақ болуы мүмкін. 

Қазақстанның оңтүстігі әлі де жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болып, ыстық сақталып қана коймай, ауа температурасы жоғарылайды деп болжанып отыр. 

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-батысында күн +33+38ºС, кей жерлерде 42ºС дейін ысиды, ал оңтүстік-шығыс пен орталықта әзірше кей жерлерде ауа температурасы + 30+38°С дейін болады деп болжануда.

 

Жаңалықтар
0