Өңірлер

Қазақстанның бірнеше облысында 45 градусқа дейін аптап ыстық болады

© Sputnik / Анатолий Устиненкоқала тұррғындары аптап ыстықта
қала тұррғындары аптап ыстықта - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Келесі апта ыстық болмақ, әсіресе Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігінің тұрғындары 45 градустық ыстыққа дайын болуы тиіс

АСТАНА, 23 шілде — Sputnik. Қазақстанда 25-29 шілдеде 45 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет. 

"Күндіз 25-29 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Күндіз 25-29 шілдеде Кызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 45 градус өте қатты ыстық күтіледі", — делінген дауылды ескертуде. 

Бұдан бөлек, күндіз 26-30 шілдеде Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде 40-43 градус өте қатты ыстық күтіледі.


Жаңалықтар
0