Өңірлер

Балқаш көлінде жеті адам құтқарылды

© ДЧС Карагандинской областиБалқаш
Балқаш - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балқаш көлінде жеті адам мінген мінген қайық аударылып қалған

АСТАНА, 24 шілде — Sputnik. Балқаш көлінде жеті адам құтқарылды, деп хабарлайды Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті. 

"2017 жылғы 21 шілдеде Балқаш қаласының ТЖ басқармасына Балқаш көліндегі "Профилакторий" шипажайы аймағында қайық төңкеріліп қалғаны туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар жедел әрекет жасап, Қарағанды облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқиға болған жерге жетіп, 5 минут уақыт аралығында зардап шеккендер құтқару кемесінің бортына шығарылды", — деп хабарлайды облыстық департамент. 

Қайықта 7 адам болған, барлық құтқарылғандар жағаға жеткізілген. 


Жаңалықтар
0