Өңірлер

Шекараға жақын тұратын қазақстандықтар үшін Ресей аумағында транзит бақыланбайды

© Sputnik / Александр Полегенько / Медиабанкке өтушекара
шекара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей президенті Владимир Путин қол қойған заң бойынша, Қазақстанның шекараға жақын тұрғындары Ресей аумағына шекаралық бақылаусыз өте алатын болды

АСТАНА, 31 шілде — Sputnik. Қазақстанның шекараға жақын орналасқан аудандарында тұратын халық Ресей аумағында шекаралық бақылаудан өтпей-ақ транзитпен қатынайтын болды, бұл туралы заңды РФ президенті Владимир Путин қабылдап, құжат құқықтық ақпарат порталында жарияланды.

"Ресей Федерациясы үкіметі мен Қазақстан Республикасы арасындағы Астана қаласында 2016 жылы 4 қазанда қол қойылған, 1996 жылғы 18 қазаннан бері теміржол көлігі кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеу ерекшеліктері туралы келісімге өзгертулер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау", — делінген құжатта.

Жаңалықтар
0