Өңірлер

Қазақстанда дауыл соғып, қырық градус аптап ыстық болады

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАптап
Аптап - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

АСТАНА, 4 тамыз — Sputnik. Күндіз 5-8 тамызда Батыс Қазақстан, 6-8 тамызда Ақтөбе, 6 тамызда Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.

Өңірлер
Жұмаға арналған ауа райы болжамы

Күндіз 5-6 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде, 7-8 тамызда облыстың басым бөлігінде 40-43 градус аптап ыстық күтіледі.

Күндіз 5-6 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде, 7-8 тамызда облыстың басым бөлігінде 43-45 градус қапырық ыстық күтіледі.

6-7 тамызда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, 7-8 тамызда Павлодар облыстарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28, ұйытқуы 30 м/с асады.

7-8 тамызда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 17-22, ұйытқуы 30 м/с асады.

Жаңалықтар
0