21:13 20 Қаңтар 2018
Тікелей эфир
Жаяу жүргінші өтетін жер

Алматыда тәртіп бұзушы өзін видеоға түсірген әйелді қарғап кетті

© Foto: Управление административной полиции ДВД Астаны
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
85 0 0

Жүргізуші тротуарда балаларымен келе жатқан әйелдің жолын бөгеген

АСТАНА, 4 тамыз — Sputnik. Жол жүру ережесін бұзған жүргізуші алматылық әйелдің бала-шағасына ауыр қарғыс айтты, деп жазады patrul.kz. Бейсенбі 3 тамызда  жүргізуші жаяу жүргіншілерге арналған тротуармен жүріп өтпек болған.

"Көлікке емес, адамдарға арналған жол ғой. Әбден басынған, қоршап, арнайы жол салды емес пе. Бұл жерде жұрт балаларымен жүреді", — дейді әйел ашуға мініп.

Алматылық әйел жас жүргізушіге жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жүруге болмайтынын ескертемін деп, қорқынышты қарғыс естіді:

"Балаларың өліп қалсын", — деді ер адам тротуарда балаларымен кетіп бара жатқан әйелдің қасынан өтерде.

Басылымның хабарлауынша, болған істің мән-жайы құқық қорғау органдарына берілді.  


Басты тақырыптар