08:24 17 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Той кортежі

Жолаушыларды лимузиннің үстіне шығарып тасымалдаған жүргізушіге айыппұл салынды

© Foto: ДВД Кызылординской области
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
87 0 0

Полиция үйлену тойында түсірілген атышулы видеоның мән-жайын анықтады

АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Алматы облысы полициясы жолаушыны лимузиннің үстіне шығарып алған жүргізушіге айыппұл салды, деп хабарлады Алматы облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі. 

Hummer H2 лимузині бастаған той кортежінің видеосында ер адам автокөліктің төбесіне шығып алып, жастар терезеден денелерін шығарып келе жатқан.

 

Полиция анықтағандай, оқиға 5 тамызда Қаскелең қаласында болыпты. Hummer H2 жүргізушісі Қарасай ауданы Қарғалы ауылының 36 жастағы тұрғыны екен, ол ҚР ӘҚБК 593-бабы бойынша жауапқа тартылды. 

Бұл бапқа сәйкес жүргізуші 5 АЕК (11 мың 345 теңге) айыппұл төлеуге міндетті.

Басты тақырыптар