Өңірлер

Қазақстанда жұма күні жел тұрып, жаңбыр жауады

CC0 / Michael Siebert / бұлттар
бұлттар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың солтүстігінде және солтүстік-батысында тұман күтіледі

АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр  найзағаймен  болады, жел күшейіп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік Қазақстан,  күндіз Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ, дауыл, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін  күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, тұман болады.

Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады. Ақмола, Қарағанды, Алматы, күндіз Солтүстік  Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ, дауыл болып, Ақмола, Солтүстік  Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман  күтіледі.

Қызылорда, Маңғыстау, тұнде Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауылмен болады.


Жаңалықтар
0