Өңірлер

Полицейлер "Медеуге" бара жатып, жол апатына ұшырады

© Sputnik / Виктор ТолочкоПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ішкі істер департаменті "Медеуде" полиция көлігі ұшыраған апат жайында айтты

АСТАНА, 11 тамыз — Sputnik. Алматы түбінде полиция көлігі "Медеу" мұз айдынына баратын жолда апатқа ұшырады.

Оқиға орнында түсірілген суреттер Instagram желісіндегі kris_p_almaty тобында жарияланды.

© Photo : kris_p_almatyПолицейлер "Медеуге" бара жатып, жол апатына ұшырады
Полицейлер Медеуге бара жатып, жол апатына ұшырады - Sputnik Қазақстан
Полицейлер "Медеуге" бара жатып, жол апатына ұшырады

ІІД жол апатына қатысты пікір білдірді. Бастапқы мәлімет бойынша, жол апатына техникалық ақау себеп болған.

"Алматы қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасының жол-патрулдік полиция арнайы батальонының экипажы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету барысында бекітілген патрулдік учаскеде Горная көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, техникалық ақаудың туындағанын байқаған. Апаттық ахуалдың алдын алу мақсатында, басқа жүргізушілерге қауіп төндірмес үшін полиция инспекторы көлікті шұғыл оңға бұрып, бетон қоршауға соғылды", — деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полицейлер мен өзге жүргізушілер зардап шеккен жоқ.

Жаңалықтар
0