05:53 20 Қазан 2017
Тікелей эфир
Жаз

Cенбіге арналған ауа райы болжамы

© AP Photo / Thanassis Stavrakis
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
41 0 0

Қазақстанның батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болмақ

АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде сенбі, 12 тамызда құбылмалы ауа райы сақталадаы, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел тұрады, бұршақ түсуі мүмкін, дауыл соғып, тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жамбыл, Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ, дауыл болуы ықтимал, жел 15-20, ұйытқуы 23-28 м/с күшейеді, жекелеген аудандарда тұман болады. 

Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ, дауыл болады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады. Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ, дауыл болуы мүмкін, түнде кей жерлерде жел 18-23 м/с күшейеді. 

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп бұршақ дауыл болуы мүмкін. Солтүстік-Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ дауыл болуы мүмкін, түнде және таңертең тұман болады.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінеде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады. Қызылорда Ақтөбе облыстарында күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан,  Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Астана қаласында ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 9-14 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +19+21°С болады.

Басты тақырыптар