08:24 17 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Автобус

Алматыда ереуілге шыққан автобус жүргізушілері жұмыстан қуылды

© Sputnik / Виталий Белоусов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
90 0 0

Алматыда автобус жүргізушілері жоспарларын жеңілдетуді талап етіп, ереуілге шыққан. Қазір әрқайсысы күніне "Оңай" картасымен 900 төлем жинаулары тиіс

АСТАНА, 12 тамыз — Sputnik. 29 автобустың жүргізушілері басшылықтан жалақыны көбейтуді сұараған, өйткені сараланған тариф пайда болғалы бері табатын табысы екі есеге азайып кеткен екен, деп хабарлайды КТК арнасы.

"Өзім отыз мың таптым. Қазір қыркүйек айы тақап келеді, әркімнің баласы бар, әрқайсына киім, форма қалай сатып әпереміз? Білмеймін. Жиырма, отыз мың төлейтін болса, қайсына жеткізесің?" – дейді ереуілге шыққан жүргізушілердің бірі Нұржан Еркежанов.

Ереуілшілердің айтуынша, жоспарда талап етілген жолаушылар санын толтыру мүмкін емес. Бірақ автопарк басшылығы жүргізушілерге қарсы наразылығын айтып салды. Басшылардың сөзіне жүгінсек, жалақы шопырлардың кесірінен төмендепті, олар күндізгі түскен табысты әдейі жасырып, жол ережесін бұзады, жолаушыларға дөрекілік танытады.

"Бұрын жалақыға қармайтын, көлденең түскен табысқа мәз болып жүре беретін, қазір ол жоқ, жалақы естеріне түсіп жатыр. Жүргізушілер жоспарды орындағысы келмейді, өзара келісіп алған. Біз ол автобустарды бақылау камерасына түсіріп, санап жүрдік, жоспар бойынша 900 адам болса, жолаушылар саны 1300-1400. Яғни үш жүз, төрт жүздей адамды өздері жасырып жүр", — дейді автопарк директоры Бауыржан Күлішев.

Директор бұрынғы қызметкерлерін заңсыз ереуілге шыққандары үшін сотқа бермекші. Ал шопырлар алған беттерінен қайтпаймыз дейді, тіпті прокуратураға арыз түсіріп үлгеріпті.

Қазіргі уақытта автобустардың бәрі жолға шыққан, бірақ рөлдерінде басқа жүргізушілер отыр.

Басты тақырыптар