01:52 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
143 0 0

Павлодардағы дәмхана жанында жанжал шығарғаны үшін ұсталған полицей кепіл төлегенше қамауда отырады

АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Сот қаулысымен 25 жастағы полицей Темірхан Шарапиденов бұлтартпау шарасы ретінде 500 АЕК, яғни 1 миллион 134 мың 500 теңге кепіл төлегенше қамауда отыратын болды, деп хабарлады сот ведомствосының баспасөз қызметі.

Оның мәліметінше, ұсталған адамды қамауға алу мерзімі 11 тамыз 18 сағат 30 минуттан бастап, кепілді төлегенше екі айға созылады. Оның үстіне кепілді күдіктінің өзі де, өзге тұлғаларда төлей алады.

Тергеуші соттан ұсталған азаматты екі айға қамауға алуды сұрады. Прокуратура да оның өтінішін қолдаған. Бірақ істің материалына сүйенсек, ауыр қылмыс жасаған күдікті бұдан бұрын сотталмаған, тұрақты мекенжайы бар, некеде, жас сәби тәрбиелеп өсіріп отыр. Сол себепті сот оны қамауда ұстауға негіз таппай, кепіл төлетуге қаулы шығарды.

3 тамызда төрт  тәртіп сақшысы Павлодардағы "Арай" дәмханасының қасында төбелес шықты деген хабармен жетіп, ақыры өздері де жанжалға араласқан. 11 тамызда әлеуметтік желілерде пайда болған видеода, полицейлер ер адамдарды күшпен көлікке отырғызып жатқан, ал әлгілер болса қарсылық көрсетуде. Жанжал барысында полицейлердің бірі ұсталғандардың бірін шоқпармен ұрып, басынан екі рет тепкен, тәртіп сақшылары жас ағызатын газды да қолданыпты. Видеоны мұқият зерттеген ІІД полицейлердің лауазымын асыра пайдаланғандығын анықтады.

Полицейлердің бірі ұсталып, қамауға алынды. Тергеу ісі жалғасуда.

Загрузка...

Басты тақырып