Өңірлер

Павлодарда прокурорлар полицейді кепілмен босатуға көнбей отыр

© Sputnik / Максим МасловПрокуратура
Прокуратура - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Павлодар қаласының прокуратурасы дәмхана маңындағы жанжал үшін ұсталған полицейді кепілмен босатуға келіспейді

АСТАНА, 16 тамыз — Sputnik. Павлордар қаласының прокуратурасы "Арай" дәмханасы жанында жанжал шығарғаны үшін ұсталған полицейді кепілмен босатуға қатысты наразылығын білдірді, деп хабарлайды қалалық прокурордың міндетін орындаушы Марат Әлкенов Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Қамау - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодардағы төбелес: полицей кепіл төлегенше қамауда болады

Оның мәліметінше, "15 тамызда Павлодар қаласының прокуратурасы №2 сотқа "Арай" дәмханасы маңында азаматтарға қатысты заңға қайшы әрекетке барғаны үшін ұсталған полицей Темірхан Шарапиденовті кепілмен босату туралы 14 тамызда қабылданған қаулыға өзгерту енгізуге өтініш берді". 

3 тамызда төрт  тәртіп сақшысы Павлодардағы "Арай" дәмханасының қасында төбелес шықты деген хабармен жетіп, ақыры өздері де жанжалға араласқан. 11 тамызда әлеуметтік желілерде пайда болған видеода, полицейлер ер адамдарды күшпен көлікке отырғызып жатқан, ал әлгілер болса қарсылық көрсетуде. Жанжал барысында полицейлердің бірі ұсталғандардың бірін шоқпармен ұрып, басынан екі рет тепкен, тәртіп сақшылары жас ағызатын газды да қолданыпты. Видеоны мұқият зерттеген ІІД полицейлердің лауазымын асыра пайдаланғандығын анықтады.

Жаңалықтар
0