Өңірлер

Орыс тілі оқулығындағы "лайкать" және "пиарить" деген сөздер үшін ата-аналар шағымдануда

© Sputnik / Медиабанкке өтубастауыш мектеп
бастауыш мектеп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орал қаласының ата-аналары дабыл қағуда: мектептерде орыс тілі пәнін жаңа ережелер бойынша жүргізу көзделіп отыр

АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. "Мой город" порталының жазуынша, балаларға берілген орыс тілі оқулығы Орал қаласының ата-аналарына ұнамсыз жағдай тудырды. Себебі, бесінші сынып оқулығында «Желілік этикет», «Армандағы көлік», «Автокөлік  жарнамасы» атты тақырып аясында «пиарить подкаст через соцсети», «лайкать в соцсетях», «эмотиконы» деген тіркестер кездеседі. Сөз қорындағы мұндай жаңашылдықтар оралдық оқушылардың ата-аналарына жағымсыз түрде таң қалдырды. Олардың ойынша, мұндай сөздердің орыс тіліне тіптен де қатысы жоқ. 

Оқулық авторлары – Клокова, Белозёрова, Ибраева, Сүлейменова, Мұханбетқалиев, Қасымова және Опря. 

Оған қоса, ата-аналар, орыс тілінен бағалау жүйесі мүлде болмайтынына шағымданды. Сынақтан өтуі үшін, бесінші сынып оқушысына тапсырманың 40% дұрыс орындалса жеткілікті болып есептеледі.  

Оқушылардың бірінің анасы: "Қалайша біздің балалар мұндай оқулықтармен сауатты бола алады? Менің ойымша, осы тәрізді оқулықтар біздің оқушылар үшін зиянды деп есептеймін",- деді.

Айта кетер жайт, жаңа оқу жылында екінші, бесінші және жетінші сынып оқушылары мазмұны жаңартылған оқулықтарға ие болады.  

 

 

Жаңалықтар
0