Өңірлер

Дүйсенбіде қазақстандықтарды жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтеді

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАлматыдағы су бұрқақ
Алматыдағы су бұрқақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тек республиканың шығысында фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр күтіледі

АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстанның территориясы әліде антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста түңгі және таңғы уақыттарда кей жерлерде тұман күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста кей жерлерде жел күшейеді, шаңды дауылмен бірге. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз найзағай күтіледі, түнде және таңертең — тұман.

Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейеді, шаңды дауылмен бірге. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Атырау облысының басым бөлігінде, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан,  Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық ауа райы күтіледі.

Жаңалықтар
0