21:47 18 Қазан 2018
Тікелей эфир
  • USD363.26
  • EUR420.11
  • RUB5.54
Түрме

Павлодар облысы тұрғыны қыз баланы зорлап, өлтіргенін 17 жылдан соң мойындады

© REUTERS / Mohammed Salem
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
84 0 0

Кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп жүрген ер адам 17 жыл бұрын қыз баланы зорлап, өлтіргенін мойындады

АСТАНА, 24 тамыз — Sputnik. Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында он жеті жыл бұрын оқушы қызды зорлап өлтіргені үшін қырық алты жастағы Анатолий Хе-Денге үкім шығарылды, деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі.

Айыпталушы мойындағандай, 2000 жылы Қалқаман ауылында он үш жасар қызды зорлап, кейін өлтірген. Ол кезде полицейлер қылмысты аша алмапты. Төрт жыл өткенде азғын қарт адамды өлтіргені үшін сотталып, содан бері түрмеде отырған.

Сот үкімімен сотталушы жасаған қылмыстары үшін айыпты деп танылып, өтелмеген жаза мерзімін қоса алғанда, 25 жылға бас бостандығынан айырылды.

Загрузка...

Басты тақырыптар