00:08 18 Қазан 2018
Тікелей эфир
  • USD366.86
  • EUR424.49
  • RUB5.60
жолдағы белгі

Оңтүстік Қазақстанда жол апатынан бес адам қаза болды, арасында балалар бар

CC0 / Stefan Schweihofer
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
148 0 0

Жол апатынан екі кішкентай бала көз жұмып, тағы екеуі жарақат алды

АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Шымкент – Шаян тас жолында екі көліктің соқтығысуынан бес адам – бір көліктің ішінде болған жолаушылар мен оның жүргізушісі қаза болды, деп хабарлайды ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

23 тамыз сағат кешкі 20:00 шамасында Бәйдібек ауданындағы тас жолда Audi мен Mercedes-Benz соқтығысқан. Алған жарақаттардан бес адам қаза тапты: Audi көлігінде отырған төрт адам, оның ішінде бес және бір жасар бала бар, кейін ауруханада осы көліктің 44 жастағы жүргізушісі көз жұмды. 

Audi көлігінің тағы төрт жолаушысы  - алты және жеті жасар екі бала мен екі ересек адам, сондай-ақ 52 жастағы Mercedes жүргізушісі түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді. Олардың барлығы Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының тұрғындары. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 


Загрузка...

Басты тақырыптар