Өңірлер

ОҚО әкімдігі тегін қарбыз тарату туралы ақпаратты жоққа шығарды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚарбыз
Қарбыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысы күні 29 тамыз және 3 қыркүйек аралығында өтеді. Бұл күндері көкөніс және жеміс өнімдерінің жәрмеңкесі болады

АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысының билігі Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысы күндері аясында 29 тамызда тегін бақша өнімдері таратылады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиаорталығы. 

Қарбыз фестивалі - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Астанада екі КамАЗ қауын мен қарбыз тегін таратылады

Бұдан бұрын Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Бейсенбай Тәжібаев 

"Нұрсая" ТК маңындағы жәрмеңкеде 29 тамызда бір қолға не қауын, не қарбыз тегін алуға болады деп хабарлаған. Жалпы оның сөзіне қарағанда, екі КамАЗ бақша өнімдерін алып келеді екен. 

Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысы күні 29 тамыз және 3 қыркүйек аралығында өтеді.


Жаңалықтар
0