Өңірлер

Арал теңізіндегі балықтардың қырылу себебі айтылды

© Sputnik / Андрей Александров / Медиабанкке өтуБалық аулау
Балық аулау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Балық қорын сақтау ережесін бұзу" және "Немқұрайлылық" бабтары бойынша қылмыстық іс қарастырылды

АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Балық қорын қорғау ережелерінің бұзылуы салдарынан Арал теңізіндегі балықтардың жаппай қырылуы орын алды, деп хабарлайды Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

7-8 тамыз аралығындағы түнде Көкарал тоғанының төменгі саласында балықтардың жаппай қырылуы тіркелді. 

Мамандардың айтуынша, Сырдария өзенінің төменгі сағасына, сонымен қатар Кіші Аралға құйылған үлкен көлемдегі су апаттың басты себебі болуы мүмкін. 

Хабарламада: "Осындай жағдайда, ыстық ауа райы мен судың шығарылуы төмен болған кезде, 210 тонна майшабақ қырылды. Аталған іс бойынша Қызылорда облысы табиғатты қорғау прокуратурасы тарапынан ҚР ҚК 336-бабы және 371-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды", — деген мәлімет бар. 

Ішкі істер органы тарапынан сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 


Жаңалықтар
0