Өңірлер

Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен орталығында қатты жел мен үсік күтіледі

© Sputnik / Владимир Сергеев / Медиабанкке өтуШөп бетіндегі қар
Шөп бетіндегі қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктердің болжамы бойынша еліміздің кейбір өңірлерінде түнде және күндізгі уақытта тұман түседі

АСТАНА, 13 қыркүйек — Sputnik. "Қазгидромет" баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауа-райының жаппай өзгеруіне байланысты Қазақстанның батыс, оңтүстік-батыс, оңтүстік және солтүстік аймақтарының кей жерлерінде жауын-шашын орын алып, жел тұрады. 

Ақмола, Қостанай, Сотүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с. болады. 

Шығыс Қазақстан облысында жер-жерлерде тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с, түнде кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с күшейеді.

Павлодар облысында желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде желдің екпіні 23/-28 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Ақтөбе облысында түнде, Қызылорда облысында күндіз желдің күші 15-20 м/с. болады. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. 

 

Жаңалықтар
0