16:48 24 Қараша 2017
Тікелей эфир
Трамвай, архивное фото

Павлодарда қорғаушы трамвай жүргізушісін үй қамағына босатуды сұрайды

© Sputnik / Алексей Куденко
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
30 0 0

Тергеу амалдарын жүргізу кезінде трамвай жүргізушісін қамауға алу туралы сот шешімі көпшілік тарапынан қарсылық тудырды

АСТАНА, 13 қыркүйек — Sputnik. Павлодар облыстық сотына Павлодар қаласы №2 соты тарапынан оқушы қыздарды соғып кеткен трамвай жүргізушісі Наталья Пекничті қамауға алу туралы сотының шешіміне қатысты шағым түсті, деп хабарлайды Sputnik Казахстан тілшілеріне облыстық соттың баспасөз хатшысы Әйгерім Сүлейменова.

Берілген ақпарат бойынша,  облыстық сот бұл шағымды үш тәулік ішінде жабық отырыс барысында қарастыруға тиісті.  

Бұған дейін хабарланғандай, қорғаушы өзінің қорғалушысына үй қамағын сұрағанына қарамастан, Павлодар қаласының №2 соты прокурордың талабы бойынша, күдіктіні алдын ала тергеу амалдарын жүргізу барысында екі айға қамауға алу туралы үкім шығарған болатын. 
Әлеуметтік желіде бұл шешім теріс пікір тудырып, желі қолданушылары қылмыстың қаншалықты ауыр болғанымен, ол қасақана жасалмағанын алға тартып, күдіктіні қамауға алудың қажеті жоқ екенін айтты.  
Жол апаты Павлодарда 7 қыркүйек күні, сағат 07:43 Ломов пен Катаев көшелерінің қиылысында орын алды.  Трамвай тоғыз және сегіз жасар екі қызды қағып кетті. Қыздардың үлкені оқиға орнында қаза тауып, кішісі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта дәрігерлердің айтуынша, қыз баланың жағдайы жақсарып, беті бері қараған. 

Басты тақырыптар