21:00 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Ер бала, жасөспірім

Шымкентте 10 жасар ұл бала жоғалды

CC0
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
23 0 0

Ер бала Шымкенттегі мектеп-интернатта оқиды, полицияның айтуынша, баяу әрі түсініксіз сөйлейді

АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Шымкентте психикалық-неврологиялық ауытқуы бар 10 жасар ер бала жоғалды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД. 

Көмекші мектеп-интернатта білім алатын Құралбек Нұркен Талғатұлы  өз үйінен 12 қыркүйек күні сағат екілер шамасында шығып кеткен. 

Жоғалған баланың сыртқы белгілері: бойы 133 см, арықша денелі, шашы қара, қысқа қырқылған. Үстінде қара түсті спорт киімі, аяғында қара түсті шәрке болған. Ерекше белгілері: баяу әрі түсініксіз сөйлейді. 

Құралбек Нұркен Талғатұлы
Құралбек Нұркен Талғатұлы

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. 


Басты тақырыптар