08:29 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Қамыс

Ертісте басына пакет кигізіп, қол-аяғы байланған әйелдің денесі табылды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
91 0 0

Болжам бойынша, ол бір жыл бұрын жоғалып кеткен, екі баланың анасы болуы мүмкін

АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Павлодар облысында Ертіс жағасында еріктілер әйел адамның денесін тапты, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, 12 қыркүйекте Ертіс жағасында Пятирыжск ауылына жақын маңда әйел адамның денесі табылған. Сот  молекулалық-генетикалық сараптамасы тағайындалды. ҚР ҚК 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Павлодарлық еріктілер әлеуметтік желіде хабарлағандай, болжам бойынша, былтыр қазан айында Қашыр ауданы Береговое ауылында жоғалып кеткен, екі баланың анасы, 28 жастағы Дарья Николаеваның денесі табылды. 

Еріктілер айтқандай, әйел адамның қол-аяғын байлап, басына пакет кигізген екен. 

Дарья Николаева жоғалып кеткен кезде декреттік демалыста болыпты. Қазан айында Береговое ауылынан Тереңкөл ауылындағы күйеуіне кетіп, із-түссіз жоғалған.

Басты тақырыптар