Өңірлер

Қостанайда тұрақта тұрған көліктің үстіне теледидар құлады

© Sputnik / Медиабанкке өтуТерезесі сынған автокөлік
Терезесі сынған автокөлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қостанайда көпқабатты үйдің терезесінен лақтырылған теледидар жеңіл автокөлікті зақымдады

АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Қостанайда біртүрлі ТЖ орын алды – көпқабатты үйдің терезесінен лақтырылған теледидар, кіреберіс алдындағы тұрақта тұрған автокөлікті зақымдады. Бұл оқиға жайында қостанайлық "Алау" телекомпаниясына зақымдалған "ВАЗ-2113" автокөлігінің иесі хабарлаған. 

Бетін жауып алған қыз бала - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанай облысында музыка пәні мұғалімі азғындығы үшін айыпталды
Оқиға кезінде көліктің жанында ешкім болмаған. Зардап шеккен көлік иесінің айтуынша, теледидар ішкіш отбасының пәтерінен лақтырылған.

"Олар үнемі ішіп, мазаны алады. Осыдан кейін оқиға орнына полиция шақырдым. Пәтер иелерінің үйіне кіре алмай, полицейлер кетіп қалды. Пәтер иесі жасаған істі мойындамайды. Бірақ оны көрген куәлар бар", — дейді ол.

Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша әзірге ешқандай мәлімет бермеді.

 

 

 

Жаңалықтар
0