Өңірлер

Марафон кезінде Астананың бірқатар көшелері жабылады

© Sputnik / Болат ШайхиновЖол жүрісін реттеуші
Жол жүрісін реттеуші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарын қозғалыс бағыттарын алдын-ала жоспарлауды сұрайды

АСТАНА, 13 қыркүйек — Sputnik. Елордада 17 қыркүйек күні болатын марафон қарсаңында бірқатар жолдар жабылады. Қала әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарын өздерінің қозғалыс бағыттарын алдын-ала жоспарлауды сұрайды, дейді, Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.  

 

Сағат 07.00 — 13.00 аралығында келесі жол бөліктеріндегі көлік қозғалысы толығымен шектеледі:  

 

1. Қабанбай батыр даңғ. Хусейн бен Талал көшесінен бастап Бұхар жырау көшесіне дейін;

2. Бұхар жырау көшесі Қабанбай батыр даңғ.бастап Мәңгілік Ел даңғ. дейін;

3. Мәңгілік Ел даңғ. Бұхар жырау көшесінен бастап Сығанақ көшесіне дейін;

4. Сығанақ көшесі  Мәңгілік Ел даңғ.бастап  Нәжімиденов көшесіне дейін;

5. Панфилов көшесі Сығанақ көшесінен бастап Тәуелсіздік даңғ. дейін.

 

Сағат 08.00 — 10.30 аралығында келесі жол бөліктеріндегі көлік қозғалысы толығымен шектеледі:  

 

1. Тәуелсіздік даңғ. Панфилов көшесінен бастап Нәжімиденов көшесіне дейін;

2. Нәжімиденов көшесі Тәуелсіздік даңғ. бастап Сарыкөл көшесіне дейін;

3. Сарыкөл көшесінен Нәжімиденов көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейін;

4. Байтұрсынов көшесі Сарыкөл көшесінен бастап  Қошқарбаев даңғ. дейін;

5. Қошқарбаев даңғ. Байтұрсынов көшесінен бастап Жұмабаев даңғ. дейін;

6. Жұмабаев даңғ. Қошқарбаев даңғ. бастап Момышұлы даңғ. дейін;

7. Момышұлы даңғ. Жұмабаев даңғ. бастап Абылай хан даңғ. дейін.

 

 Сағат 10.00 — 12.00 аралығында келесі жол бөліктеріндегі көлік қозғалысы толығымен шектеледі:  

 

Абылай хан даңғ. Момышұлы  даңғ. бастап Жұмабаев даңғ. дейін;

Жұмабаев даңғ. Абылай хан даңғ. бастап Қошқарбаев даңғ. дейін;

Қошқарбаев даңғ. Жұмабаев даңғ. бастап Мәңгілік Ел даңғ. дейін.

 

 Сағат 11.30 — 13.00 аралығында келесі жол бөліктеріндегі көлік қозғалысы толығымен шектеледі:  

 

Мәңгілік Ел даңғ. Қошқарбаев даңғ. бастап Қонаев көшесіне дейін;

Қонаев көшесі Мәңгілік Ел даңғ. бастап Қабанбай батыр даңғ. шығысына қарай;

Қабанбай батыр даңғ. шығысы Қонаев көшесінен бастап Достық көшесіне дейін;

Достық көшесі Қабанбай батыр даңғ. шығысынан бастап Мәңгілік Ел даңғ. дейін;

Мәңгілік Ел даңғ. Достық көшесінен бастап Хусейн бен Талал көшесіне дейін.

 

Қалалық жедел қызмет көліктері (жедел жәрдем, ТЖ және ІІМ қызметтері автокөліктері) жергілікті орындағы қызметкерлердің көрсеткен бағыттары арқылы көлденең бағытта жіберіледі. 

Рысқұлов көшесі бойында орналасқан емдеу орындарының келушілеріне Тұран даңғ. арқылы өтетін бағытта Хусейн бен Талал көшесі (бұрынғы №31 көше) жағынан жүру ұсынылады. 

 

 

Жаңалықтар
0