22:24 23 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Қолшатыры бар әйел

ҚР батысында жауын жауып, қалған бөлігінде күн ашық болады

© Sputnik / Болат Шайхинов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
38 0 0

Еліміздің жер-жерлерінде ұйытқыған жел соғып, солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыста түнде және таңертеңгі уақытта тұман түседі

АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек, еліміздің батыс бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Оңтүстік Қазақстан облысында, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында күндіз желдің күші — 15-20 м/с жетеді. 

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күндіз және түнде тұман түседі. 

Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерінде түнде – 3  градусқа дейін үсік күтіледі.


 

 

 

 

Басты тақырыптар