Өңірлер

Қостанайлық клубқа өрттің әдейі қойылуын өрт сөндірушілер жоққа шығарды

© Photo : "Алау"Қостанайда түнгі клуб өртенді
Қостанайда түнгі клуб өртенді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғимараттағы өрттің тұтану себебі қуатты кабелдегі тұйықталу болған

АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Құтқарушылар Қостанайдағы West түнгі клубына өрттің әдейі қойылу нұсқасын жоққа шығарды, деп жазады аймақтық "Алау" баспасы. 

Қостанай облысы ТЖ жөніндегі департаменттің жетекшісі Талғат Кәкімовтың берген мәліметіне орай, өрттің тұтану себебі, түнгі клубтың кинозал орналасқан бөлігіндегі қуатты кабелдегі тұйықталу болған. Тұйықталу салдарынан кабелден ұшқын ұшқан. 

"Өрттің әдейі қойылуын толығымен жоққа шығарамыз", — деді Кәкімов.

 

 

 


Жаңалықтар
0