08:17 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Малика Бүлдекбаева

Қазгидромет: біреулер қыс қатты болады деп әсірелеп жүр

© Foto: из личного архива
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
479 0 0

Желіде пайда болған хабарламада Еуропа, Ресей мен Қазақстанда қыс мезгілінде соңғы жүз жылда болып көрмеген аяз болады делінген. Қазгидромет баспасөз хатшысы Малика Бүлдекбаева халықты үрейге бой алдырмауға шақырады

"Дәл осындай ақпарат қамтылған, Джеймс Меддэннің болжамына сүйенген хабарлама 2016 жылы күзде де тараған. Жыл сайын біреулер қыс қатты болады деп әсірелеп көрсетуге тырысады. Мұны кез келген іздеу желісінде тексере аласыз, сол себепті Қазгидромет үрейге берілмей, бұл хабарламаларды тексеріп көруге кеңес береді, өйткені жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жаза қарастырылған", — деп атап өтті Малика Бүлдекбаева.

Малика Бүлдекбаева синоптиктердің болжамына сілтеме жасап, қыркүйекте қыс біраз "дайындық" жүргізеді деп хабарлады.

Басты тақырыптар