08:19 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Полиция

Полиция Ақтауда түнде болған оқиғаның мән-жайын айтты

© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
263 0 0

Оқиға орнына келген полиция екі шағын аудан арасындағы көшен жауып тастаған

АСТАНА, 15 қыркүйек — Sputnik. Полицейлер оқу-жаттығуға арналған гранатасы бар Ақтау тұрғынын ұстады, деп хабарлады Маңғыстау облысы ішкі істер депаратменті баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, 15 қыркүйек күні сағат 00:50-те Ақтаудағы алтыншы шағын ауданда орналасқан дүкен жанында қылмыстық полиция қызметкерлері қырық алты жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, тінту барысында одан оқу-жаттығуға арналған граната табылған.

Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды

"Оперция кезінде атыс орнап, қару қолданылған жоқ. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", — деп мәлімет берді ІІД.

Бұдан бұрын оқиға куәгерлері айтқандай, төрт адам арасында жанжал шығып, біреуі өлтірілген, ал екіншісі ұсталыпты. Полиция бұл мәліметті растаған жоқ.

Басты тақырыптар