08:21 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Полицей әйел

ОҚО көпбалалы ана ақша табу мақсатында полиция киімін киген

© AP Photo / Ariana Cubillos
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
100 0 0

Алты баланың анасы азаматтардың құжаттарын заңсыз түрде рәсімдеу ұсыныстарын пайдаланып, оларға жалған анықтамалар беру арқылы ақша тапқан

АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Шымкенттік полицейлер алаяқтық жасаған жалған полиция қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі. 

Полиция мәліметі бойынша, лейтенант киімін киген 36 жасар әйел қалалықтардың сеніміне кіріп, түрлі құжаттарды жалған түрде рәсімдеу және жұмысқа тұрғызу үшін ақша алған. 

Мысалы, жалған полиция қызметкері 53 жасар әйелге  мүгедек ретінде тіркеуге тұрғызуға қажетті жалған анықтаманы 100 мың теңгеге сатқан. 

Құқық қорғау органдары тарапынан ұсталған күдікті бұрын сотталған, алты баланың анасы болып шықты. Ол өзінің қылмыс жасау әрекеттері материалдық қиындық салдарынан туындағанын түсіндірді.

Күдіктінің жалдап тұрған пәтерін тінту кезінде полицейлер лейтенат шені бар ОІД қызметкерінің нысанды киімін және басқа да заттай дәлелдер тауып, тәркіледі. 

Шымкентте алаяқ полиция киімін киген
Шымкентте алаяқ полиция киімін киген

Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан тергеу барысында ұсталған күдіктінің жалпы сомасы жарты миллионды құрайтын төрт алаяқтық іске қатысы бары анықталды. Оқиға бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іс қозғалды. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 



Басты тақырыптар