08:23 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Қазгидромет инженер синоптигі Айнұр Қайынбаева
© Foto: из личного архива

Синоптиктер: Қазақстанда ауа райы қайта жылынады

Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
135 0 0

Алдағы демалыс күндері Қазастанда күн жылынады, дейді синоптиктер. "Казгидромет" маманы Айнұр Қайынбаева кей жерлерде термометр бағаны 32 градусқа дейін көтерілетінін айтты.

"Демалыс күндері Қазақстанда антициклон орнығады да ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Республикамыздың батысында өткен тәулікте температура климаттық нормадан жоғары болды да, күндізгі температура 27…32 градусқа дейін жоғарылады", — деп мәлімдеді инженер-синоптик Айнұр Қайынбаева.

Демалыс күнгі жылы ауа райынан кейін еліміздің солтүстік және солтүстік-шығыс кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауады. 

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын толығырақ Sputnik Казахстан радиосынан тыңдаңыздар. 


 


Басты тақырыптар