Өңірлер

Еліміздің 7 облысында алдағы күндері аяз болады

© Sputnik / Сергей Пятаков / Медиабанкке өтуҚар астындағы раушандар
Қар астындағы раушандар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен орталығында түнде ауа температурасы нөлден төмен болмақ

АСТАНА, 20 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның бес облысында ауа температурасы минус 6 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Синоптиктердің мәліметінше, 22-23 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында, 22-24 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауады, тұман түсіп, жел соғады – 15-20 м/с, температура түнде 1-6 градус аяз, күндіз 5-10 градус жылы.

22-23 қыркүйекте Ақтөбе, Қостанай облыстарында ауа температурасы 0-5 градус жылы, кей жерлерде 1-3 аяз болады, күндіз 5-10, кей жерлерде 15 градусқа дейін жылынады.

Жаңалықтар
0