20:54 17 Қаңтар 2018
Тікелей эфир
Жаңбыр

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Евгений Одиноков
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
186 0 0

Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады

АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, солтүстік пен шығыста ғана атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын жауады, деп хабарлады Қазгидромет.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні  — 15-20, Жамбыл облысында — ұйытқуы — 23 м/с.

Күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с, шаңды дауыл соғады.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман, желдің екпіні — 15-20 м/с.

Ақмола облысында түнде және таңертең тұман, кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с.

Павлодар облысында, күндіз және таңертең Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысында тұман, күндіз кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с.

Алматы және Жамбыл облыстарында түнде кей жерлерде 3 градус аяз.

Басты тақырыптар