21:16 20 Қаңтар 2018
Тікелей эфир
Бала

Полицейлер он жасар баланы көлікке отырғызып, алып кеткені үшін кешірім сұрады

© Sputnik / Болат Шайхинов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
83 0 0

Қостанайлық полицейлер қылмыскерді ұстауға көмектескен баланы марапаттады

АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Қостанай полицейлері ата-анасының рұқсатынсыз баласын қызметтік көлікке отырғызып, алып кеткені үшін әкесі мен анасынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Alau.kz телеканалы сайты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, он жасар Глеб Иголкин тонаушылықтың жалғыз куәгері болған. Полицейлер оны көлікке отырғызып алып, баладан түсініктеме сұрайды. Баланың анасы өз рұқсатынсыз ұлының көлікте отырғанын көріп, наразылық білдірген.

Содан кейін тәртіп сақшылары баланың отбасына барып, кешірім сұрады. Қылмысты ашуға көмектескені үшін Глебке алғыс хат пен доп, ал анасына гүл сыйлаған.

Басты тақырыптар