13:58 17 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD342.49
  • EUR400.85
  • RUB5.51
Ақша, пара

Петропавлда басқарма басшысы пара алу кезінде ұсталды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
55 0 0

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Петропавлда Сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы 1,5 мың АҚШ доллары көлеміндегі пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшілеріне Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы. 

Өткен аптаның соңында петропавлдық әлеуметтік желілерде "Пирамида" сауда үйінің маңында жергілікті сәулет саласының белгілі шенеунігі Валерий Затайды ұстау кезі бейнеленген  видео таралған болатын. Кейіннен бұл оқиға жайында облыс прокуратурасы ресми түрде хабарлама жасады. 

"2017 жылы 20 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаменті тарапынан ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жарияланбаған тергеу әрекеттері нәтижесі бойынша 21 қыркүйек күні Затай В.А. көлемі 1 мың 500 АҚШ доллары болатын пара алу кезінде ұсталды", — деп хабарлайды прокуратура. 

Басты тақырыптар