16:20 23 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.75
  • EUR434.26
  • RUB6.12
Ормандағы саңырауқұлақ теру

Ақмола облысында жоғалған зейнеткердің денесі табылды

© Sputnik / Константин Чалабов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
337 0 0

Алдын ала болжам бойынша зейнеткер өлімінің себебі – суыққа шалдығу

АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында жоғалған 71 жасар зейнеткердің орманнан өлі денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшілеріне ІІД. 

Тараз қаласының тұрғыны бұрын Зеренді ауылында тұрған, ендігі кезде өзінің бұрынғы таныстарының үйіне қонаққа келеді. Кетер алдында 71 жасар әйел жас жұппен орманға саңырауқұлақ теруге барады.  Орманда олар бір-бірінен адасып қалады. 

Зейнеткерді іздеу жұмыстарына ТЖД, полицияның, құтқарушылардың барлық күші жұмылдырылған. Оларға жергілікті тұрғындар да, облыс орталығынан келген еріктілер де көмек көрсеткен. Алайда бұл шаралар нәтижесіз болады. 

29 қыркүйек күні, сағат 15.10 кезінде зейнеткердің мүрдесін Зеренді ауданы, Викторовка ауылынан 10 шақырым жердегі орман алқабынан бақташы кездейсоқ көріп қалып, тиісті орынға хабар береді. Арнайы тану шараларының нәтижесінде бұл 11 қыркүйек күні жоғалған 71 жасар Валентина Чекинның мүрдесі екені анықталды. 

Мүрдеде ешқандай зорлық белгілері байқалмайды. Алдын ала болжам бойынша зейнеткер өлімінің себебі – суыққа шалдығу болып табылады. 

 

 

 


Загрузка...

Басты тақырып