Өңірлер

Ақтөбе полицейлері көшеде табылған панасыз балалардың туыстарын іздестіруде

CC0 / pixabay.com / Жоғалған бала
Жоғалған бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицияға кәмелетке толмаған балалардың көпірдің үстінде қараусыз жүргендері туралы хабарлама түскен

АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. Ақтөбеде полицейлер панасыз балалардың туыстарын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Ақтөбе облысы ІІД. 

Ақтөбе облысы ІІД Жедел басқармасы орталығының "102" арнасына Ақтөбе қаласының Заречный-1 ауданында көпірдің үстінде панасыз екі баланың жүргені туралы хабарлама келіп түседі. 

"Аталған орынға келіп жеткен патрульді полиция қызметкерлері шамамен 1,5-2 жастағы екі баланы тауып алады. Заречный полиция бөлімшесінің патрульді және ювенальды полиция қызметкерлері қаланың барлық аудандары мен саяжайлар аумағын тексеріп шықты, алайда тұрғындардың ешқайсысы балаларды суреттен танымады және олардың ата-анасы немесе туыстары туралы ешқандай мәлімет бере алмады", — деді полиция қызметкерлері. 

Балалардың жоғалуы туралы ешкім полицияға арызданбаған. Балалардың туысқандарын іздестіру шаралары жалғасып жатыр. 

Облыстық ІІД балалар туралы және олардың туысқандары туралы қандай да бір мәлімет білетін болса: 102, 99-69-25, +7-707-505-46-20 телефондарына немесе жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарласуды сұрайды. 

Балалар әзірге балалар үйіне орналастырылды. 

 

 

 

 

 

 

 


Жаңалықтар
0