02:21 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Көше сыпырушы

Алматыда жол бойында көше сыпырушыны соғып кетті

© Sputnik / Виталий Аньков
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
67 0 0

62 жасар ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді

АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Алматыда Саин көшесінің бойында автокөлік жолын тазалап жүрген көше тазалаушыны соғып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшілеріне құқық қорғау органдары. 

Оқиға Саин көшесінен солтүстік бағытта туннелден шығу жолында орын алған. 

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, көше сыпырушы жол бойын тазалап жатқан кезде, оны Honda CR-V маркалы автокөлік қатты жылдамдықпен келіп соғады. 

Жүргізушінің айтуынша, Саин көшесінің бойымен солтүстік бағытта қозғалып бара жатқан кезде, жол бойын тазалап жүрген көше сыпырушы ер адам кенеттен бір қадам артқа шегініп қалады да, ол тоқтап үлгермейді. 

1955 жылы туған ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

 

Загрузка...

Басты тақырып