Өңірлер

Павлодар облысының әкімі "мемлекеттік тілді қорғамай жүр" деген сынға жауап берді

Жазылу
Павлодар облысының әкімі қазақ тіліне қатысты сынға жауап берді

АСТАНА, 2 қазан — Sputnik. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өңірдегі тіл ахуалы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Астанада орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Sputnik Қазақстан тілшісі облыс әкімінен өңірдегі мемлекеттік тіл ахуалын сұрады. 

"Өңірдегі тіл ахуалы қандай? Облыстағы тіл жанашырлары мен қоғам белсенділері осы мәселені жиі көтеріп жүр. Тіпті "облыс басшылығы мемлекеттік тілді қорғамағаны үшін тарихта қалады" деген сын айтылды. Осыған сіз дейсіз?", — деп сұрады тілші. 

"Тіл мәселесі — өте күрделі мәселе. Сіз білесіз, Павлодар облысында өзге ұлт өкілдері халықтың  елу пайызын құрайды. Біз біртіндеп осы мәселені шешіп жатырмыз. Өткен жылы мен есеп бергенде, балабақшаларды кілең қазақша жасайық деген ұсыныс енгізгенмін. Ол жұмыспен біз айналысып жүрміз. Жалпы, жұмысты қатаң бақылауға аламыз", — деп қысқа қайырды облыс басшысы.

Айта кетсек, ақпараттық порталдардың бірінде "Боқауов мемлекеттік тілді қорғамағаны үшін тарихта қалады" деген тақырыппен материал жарық көрген болатын. Онда Керекудегі тіл жанашырларының бірі мемлекеттік тілдің өңірдегі мүшкіл жағдайын айтып, өз наразылығын білдіреді. 

Жаңалықтар
0